Референдум-2026

Көкшетауда мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық спартакиада өтіп жатыр

Бүгін, 16:13
Думан Аманжол Думан Аманжол
Көкшетауда мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық спартакиада өтіп жатыр
Фото: Туризм жəне спорт министрлігі

Көкшетау қаласында жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Дәстүрлі додаға еліміздің барлық өңірінен келген мыңнан астам мемлекеттік қызметші қатысып жатыр.

Салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қатысты.

«Республикалық спартакиада 2022 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Мақсат – бұқаралық спортты дамыту, саламатты өмір салтын дәріптеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында командалық рух пен корпоративтік мәдениетті нығайту», делінеді министрлік хабарламасында.

Биыл мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиаданы Ақмола облысы қабылдады. Жарыстар өңірдің заманауи спорт инфрақұрылымы нысандарында ұйымдастырылуда. Негізгі бәсекелер олимпиадалық спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу жиындарын, сондай-ақ республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге лайықталған көпфункционалды Kokshe Arena спорт кешенінде өтуде.

10-17 шілде аралығында қатысушылар спорттың 10 түрінен үздіктерді анықтайды. Атап айтқанда, футзал, волейбол, 3×3 баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат, қазақ күресі, үстел теннисі, жүзу, теннис және киберспорт бойынша жарыстар өтеді. Биыл теннис пен киберспорт республикалық спартакиада бағдарламасына алғаш рет енгізілді.

Еске салсақ, Азия чемпионатында еліміздің жас боксшылары үш алтын медаль жеңіп алды.