Қазақстанда бірнеше қара шай брендтеріне тыйым салынды - ТІЗІМ

6 қаңтар, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстанда бірнеше қара шай брендтеріне тыйым салынды - ТІЗІМ
Фото: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы қаулысымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілердің, Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігі талаптары», «Тамақ өнімдерін қаптамалау бөлігінде» техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін шайды әкелуге және сатуға тыйым салынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласында бақылау мақсатында сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары «күн батуы» (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталды, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.

Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеулер барысында шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталды, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді.

Осыған байланысты, келесі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды:

- «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Golg, «БАЛҚИЯ Premium gold», өндірушісі «Orda Trade Astana» ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;

- «Sultan Suleyman», «Pakistan tea», өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШҚ (Астана қ.)

- «БАЛҚИЯ Premium gold», өндіруші «Аль-Хадия» ЖҚ (Алматы қ.);

-«Aje Onim», өндіруші «Орда Чай» ЖҚ (Алматы қ.) «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша:

- «Al-Hayat» Golg, өндіруші «Empire KENIY E.P.Z. Limited» (Алматы облысы);

- «Al-Jannat Premium», өндіруші «Ferdaus» ЖҚ (Алматы қ.);

- «Alfarah» (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).

Еске салайық, бұдан бұрын елімізде фастфуд пен зиянды тағам өнімдерінің жарнамасына шектеу қойылатыны туралы жаздық.