Катонқарағайда пайдаланылмай жатқан 2 мың гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
ШҚО прокуратурасы пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Катонқарағай ауданы прокуратурасы жер заңнамасының сақталуын талдау барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдаланбау фактілерін анықтады. Атап айтқанда, жалға алушылар шаруа немесе фермерлік қожалық жүргізуге арналған жерлерді бір жыл бойы өз мақсатына пайдаланбаған.
«Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес, жалпы ауданы 2092,6 га, кадастрлық құны 17,7 млн теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды», делінеді хабарламада.
Жер ресурстарының нысаналы пайдаланылуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Еске салсақ, Астана қаласында адам ұрлауға қатысы бар шетелдіктерге сот үкімі шықты.