Ішкі істер министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
3 сәуір, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Ішкі істер министрлігі 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға тыйым салынатынын еске салады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сонымен қатар мопедтерді жүргізуші куәлігінің А1, А немесе В санаттары болған жағдайда ғана басқаруға болады.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ІІМ мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ХҚКО-лардың жұмыс кестесін өзгертті.
Енді мопедтерді тіркеу үшін құжаттарды жұмыс күндері сағат 19.00-ге дейін, сенбіде сағат 14.00-ге дейін тапсыруға болады.
Бүгінгі таңда 17 мыңға жуық мопед тіркелді.
Азаматтарды осы рәсімді соңғы күнге кейінге қалдырмауға шақырамыз, өйткені ХҚКО-ларда кезекте тұрып қалу немесе тіркелмеген мопедті пайдаланғаны үшін айыппұл алу қаупі бар, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
14 тамыз, 2026
Еңбекмин азаматтар үшін Кореяда заңды жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктерін ашты
13 тамыз, 2026
Қазақстанда жұмыс істейтіндердің 77%-дан астамы жалдамалы қызметкер
12 тамыз, 2026
Астанада NEET жастар қысқа мерзімде жаңа мамандық меңгеріп жатыр
11 тамыз, 2026
Екі жылда 1,5 млн-дай жас азамат жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарасымен қамтылды