«Ипотека рәсімдеуге көмектесемін»: ШҚО-да тұрғынның 3 млн теңгесін ұрлап кеткен әйел ұсталды

Бүгін, 13:06
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
«Ипотека рәсімдеуге көмектесемін»: ШҚО-да тұрғынның 3 млн теңгесін ұрлап кеткен әйел ұсталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Өскемен қаласы Полиция басқармасына Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бір әйел оның сеніміне кіріп, ипотека рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, 3 миллион теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткен.

Жәбірленушінің айтуынша 2023 жылдың желтоқсан айында ол тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу қызметтері туралы жарнаманы көрген. Алайда күдікті ақшаны алғаннан кейін байланысқа шығуды тоқтатқан.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады. Күмәнді хабарландыруларға сенбеуді және ресми шартсыз белгісіз адамдарға ақша бермеуді ескертеді», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Өскеменде бейтаныс адамның көлігін рұқсатсыз жүргізген құқық бұзушы ұсталғанын жаздық.