Өскеменде бейтаныс адамның көлігін рұқсатсыз жүргізген құқық бұзушы ұсталды

Өскеменде бейтаныс адамның көлігін рұқсатсыз жүргізген құқық бұзушы ұсталды
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында бейтаныс адамның көлігін рұқсатсыз айдап кеткен азамат ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 қаңтарда сағат 18:55-те полицияға қала тұрғыны хабарласып, BMW көлігін белгісіз біреудің айдап кеткенін хабарлаған. Жедел іздестіру барысында ШҚО ПД жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары мен ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірлесіп, Өскемен-Алтай тасжолында іздеудегі автокөлікті тоқтатып, құқық бұзушыны қолға түсірген. Көлік тізгінінде бұрын сотталған 31 жастағы азамат болған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Өскемен қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

Полиция көлікті ұрлау және заңсыз айдап кету оқиғаларының алдын алу үшін кілтті көлікте қалдырмауды және тіпті аз уақытқа болса да ашық тастап кетпеу керектігін ескертті. Мүмкіндігінше көлікті бейнебақылау камераларымен жабдықталған жерлердегі тұраққа қойып, қосымша қорғаныс құралдарын пайдалануға кеңес берді.

Бұған дейін Алматы облысында мал ұрлаған топ ұсталғанын жазған едік.