Зертханалық компанияның лицензия шартында бәсекелестікті шектейтін норма болған

Бүгін, 17:46
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Зертханалық компанияның лицензия шартында бәсекелестікті шектейтін норма болған
Фото: freepik.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті INVIVO бренді лицензиясына ие «INVIVO Business» ЖШС компаниясының әрекеттерінен үстем жағдайды теріс пайдалану белгісін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«INVIVO Business» ЖШС зертханалық қызметтер нарығындағы субъектілермен кешенді кәсіпкерлік лицензия шарттарын жасасып, онда франчайзинг шарты бұзылғаннан кейін 24 ай бойы бәсекелестермен ынтымақтастық жасауға тыйым салатын талаптарды белгілеген. Аталған шарт еліміздің 16 қаласындағы зертханалық қызмет нарығындағы субъектілердің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына кедергі келтірген», делінген хабарламада.

Аталмыш компания монополияға қарсы органның талап етуі бойынша бәсекелестікті шектейтін нормаларды құжаттардан алып тастады. Осылайша зертханалық қызмет нарығындағы 143 субъектінің құқықтары қорғалды.

Бұған дейін Қызылорда облысында кәсіпкерлерді заңсыз тексергендер анықталғанын жаздық.