04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

ІІМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды

|
Photo: фото: Polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

ІІМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды

|
Photo: фото: Polisia.kz

ІІМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

– Ауа-райының суытуы техногендік өрттердің көбеюіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға және электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз. Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қауіпті екенін еске саламыз. ІІМ еліміздің барлық тұрғындарына үйде оқыс жағдайларды болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

– мұржаларды уақтылы тазалап, пештерді жөндеу қажет;

– ақауы бар жылыту құрылғылары мен газ жабдықтарын пайдаланбаңыздар;

– балаларды ересектердің қарауынсыз жалғыз қалдырмаңыздар. Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар. Барлық оқиғалар туралы 101 немесе 102 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗