Grand Slam: Дзюдодан Париждегі турнирге қатысатын ұлттық құрама тізімі өзгерді

Бүгін, 20:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Grand Slam: Дзюдодан Париждегі турнирге қатысатын ұлттық құрама тізімі өзгерді
Фото: olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Париж қаласында (Франция) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандардың тізімін жаңартты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұған дейін алдын ала тізімге Әбиба Әбужақынова енген еді. Ал жаңартылған тізімге зер салсақ, «Үлкен Дулыға» турнирінде ел намысын 12 ер спортшы қорғайды.

Ұлттық құраманың тізімі төмендегідей:

60 келі: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан;

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев;

73 келі: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов;

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат;

90 келі: Айдар Арапов;

100 келі: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров;

100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай.

Айта кетейік, турнир 7-8 ақпан аралығында өтеді.

Бұған дейін 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы теннистен жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алғанын жаздық.