Алматыда «Қазақ аналары» әжелер қауымдастығы ұзындығы 110 метр болатын бірегей сырмақ әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Жоба Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.
Киізден жасалып, оюмен көмкерілген сырмақ 21 наурызға дейін аяқталуы тиіс.
Дайын сырмақ көпшілік назарына Наурыз мерекесінде ұсынылады деп жоспарланып отыр.