17.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ғалымдар обыр ауруына қарсы препаратты сынаудың жаңа кезеңін бастады

|
Photo: Freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ғалымдар обыр ауруына қарсы препаратты сынаудың жаңа кезеңін бастады

|
Photo: Freepik.com

Қазақстандық обырға қарсы препаратты әзірлеуші NU профессоры Дос Сарбасов 2026 жылы клиникалық сынақтардың жаңа, шешуші кезеңіне көшетінін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл кезең ең агрессивті және қатерлі саналатын KRAS-мутациялы ісіктерімен күресте препараттың тиімділігін дәлелдеуі керек.

Жануарларға жасалған клиникаға дейінгі сәтті зерттеулерден кейін құрама препараттың екінші компонентінің жаңа, адам ағзасы ең бір шегінде көтере алатын көбіректеу дозасын қолдануға рұқсат алынды, ол анағұрлым тиімді болады деп болжанып отыр.

«Біз бұл препаратты стандартты химиялық терапияның алдында қолданамыз деген ең маңызды шешімге келдік. Бұған дейін оны пациенттер физикалық тұрғыдан әлсіреген кезде, яғни стандартты химиялық терапияның бірнеше кезеңінен кейін қолданатын едік. Жаңа тәсіл арқылы препараттың ісіктер мен метастаздарға тікелей әсерін, сондай-ақ препаратты адам ағзасының қаншалықты көтере алатынын анықтай аламыз. Бұл – біз үшін стратегиялық шешім, өйткені препараттың тиімділігін анықтаудың ең өз мақсатына сай келетін тәсілі осы», - деп атап өтті Дос Сарбасов.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗