FlyArystan рейсінде жолаушы дәрігерлер жүкті әйелге көмек көрсетті

20 наурыз, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
FlyArystan рейсінде жолаушы дәрігерлер жүкті әйелге көмек көрсетті
фото: Оңалхан Өнерхан

FlyArystan әуекомпаниясы бұл жағдай 18 наурызда Астана – Орал бағытындағы рейсте орын алғанын мәлімдейді, деп хабарлайды Elordainfo.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ұшу кезінде жүктіліктің 27-аптасында болған жолаушының жағдайы күрт нашарлады. Борттағы жолаушылар арасынан екі дәрігер экипаждың шақыруына дереу үн қатып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жолаушының жағдайы мен дәрігердің нұсқаулығын ескере отырып, әуекеме командирі ұшып кету әуежайына қайту туралы шешім қабылдады. Ұшақ қонғаннан кейін жолаушы жедел медициналық қызмет мамандарына тапсырылды. Кейінірек экипажға ұл баланың дүниеге келгендігі хабарланды. Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің тұрақты бақылауында», - делінген хабарламада. 

FlyArystan әуекомпаниясы бортта көмек көрсеткен медицина қызметкерлеріне, кәсіби шеберлігі мен үйлесімді әрекеті үшін экипаж мүшелеріне, орын алған өзгеріске түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткен жолаушыларға алғыс білдіреді.

Сондай-ақ, ұшу қауіпсіздігімен қатар, жолаушылардың өмірі мен денсаулығы әуекомпания үшін әрдайым бірінші орында екенін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдан Чехияға жаңа әуе бағыты ашылғаны туралы жаздық.