Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов атап өткендей, салық есептілігінің нысандары 30%-ға қысқарды. Сондай-ақ, көлік құралдарына салынатын салық бойынша есептер мен декларациялар ұсыну алынып тасталды. Есептеу жол полициясы органдарының деректері бойынша жүргізіледі, қазір ол жеке тұлғалар бойынша жүргізіледі.
Егер міндеттемелер сомасы 1 млн теңгеден аспаса, мүлік салығы мен жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі алынып тасталды.
«Сонымен қатар, салық есептілігін ұсынбағаны үшін айыппұл салудан бас тартылды. Бұл әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің нормаларында бекітілген. Егер, мысалы, салық төлеуші есептілікті ұсынуды ұмытып кетсе, айыппұл салынбайды – бұл жағдай нөлдік есеп берілген деп қарастырылады. Кейін салық төлеуші өзі есептік кезең бойынша нақты кірістерін декларациялай алады», – деді спикер.
Еске салайық, бұған дейін Астанада салықтан жалтарған жеке сот орындаушыларынан 40 млн теңгеге жуық ақша өндірілгенін хабарладық.