Ерлан Ақкенженов: Отын-энергетика кешеніне ЖИ технологиялары енгізіліп жатыр

Бүгін, 10:56
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ерлан Ақкенженов: Отын-энергетика кешеніне ЖИ технологиялары енгізіліп жатыр
Фото: primeminister.kz

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында отын-энергетика кешені саласындағы жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ол министрлік жаһандық вендорлардың, салалық компаниялардың және сала үшін практикалық ЖИ-шешімдері бар IT-әзірлеушілердің қатысуымен AI-альянс құрғанын атап өтті.

Отандық әзірлеушілерді қолдауға ерекше назар аударылуда. Бірқатар Astana Hub резиденттерімен салада ЖИ-шешімдерді бірлесіп сынақтан өткізу және енгізу туралы меморандумдарға қол қойылды.

«Қазіргі уақытта 45 жобадан тұратын портфель жасақталды, оның 10-ы сараптама сатысында, 27-сі әзірлену сатысында және 8-і іске қосылу сатысында», - деді Ерлан Ақкенженов.

Еске салсақ, Қазақстанда ЖИ көмегімен жер қойнауының интерактивті картасы әзірленді.