Астананың құрылыс нысандарында профилактикалық рейдтер жүргізіліп жатыр

Бүгін, 20:24
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астананың құрылыс нысандарында профилактикалық рейдтер жүргізіліп жатыр
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласының «Нұра» ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған елорданың құрылыс нысандарында профилактикалық рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Тексеру барысында, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану арқылы құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзушылықтары анықталуда.

Осылайша, Ш. Айтматов көшесі, 19 мекенжайындағы нысанда биіктіктегі жұмыстарды міндетті жеке қорғаныс құралдарын, оның ішінде сақтандыру белдіктерін пайдаланбай жүргізу фактілері анықталды.

Елорда прокуратурасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.