Референдум-2026

Нөсер жауын: Елорданың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Нөсер жауын: Елорданың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Нөсер жауынға байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Әкімдіктің мәлімдеуінше, қаланың кәріз жүйесі мен тазарту құрылыстары көп мөлшердегі жауын-шашынды қабылдап, қалыпты жұмыс істеп тұр.

«Жекелеген учаскелерде уақытша су жиналуы тіркелген. Жауын-шашын бір мезетте көп мөлшерде жауған кезде нөсер-кәріз жүйесі жиналған суды орта есеппен 40 минуттан 1 сағатқа дейінгі аралықта толық қабылдайды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар коммуналдық қызметтер тұрақты түрде кәріз коллекторлары мен жаңбыр суын қабылдау құдықтарын тазалау, құбырларды бумен шаю, нөсер кәріз жүйелері мен тазарту құрылыстарын салу және басқа да жұмыстарды үздіксіз жүргізіп келеді.

Еске салсақ, синоптиктер бүгін Астанада күн күркіреп, жаңбыр жауатынын болжаған еді.