Қазгидромет 23 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада көшпелі бұлтты, күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін.
Солтүстік шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Күндіз ауа температурасы +23..+25°С-қа дейін көтеріледі.