Елордалық студенттерге құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында дәріс өткізілді

Елордалық студенттерге құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында дәріс өткізілді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында 16 ақпан күні студенттер арасында «Мен және заң» тақырыбында дәріс өткізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Дәріс барысында студенттерге азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері, қолданыстағы заңнама талаптары, құқықбұзушылықтың алдын алу және оның салдары туралы түсіндірілді. Қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын құрметтеу және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында студенттер өз пікірін білдіріп, сұрақтар қойып, тәжірибелік мысалдар талқыланды.

Осындай іс-шаралар жастар арасында заңға құрметті арттырып, құқықтық сананы қалыптастыруға және тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.