Астананың «Нұра» ауданында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында полиция және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері профилактикалық жұмыс жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Рейд барысында кәмелетке толмағандар арасында ҚР заңнамасын бұзу бойынша 8 факті анықталды.
Барлық заңды өкілдер ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, яғни кәмелетке толмағандар түнгі уақытта ересектерсіз жүрген.
Сонымен қатар аудан аумағында орналасқан ИВИ, БХБ және «Хан Шатыр» түнгі мекемелерінде тексеру жүргізілді.
«Құрметті ата-аналар, сақ болыңыз! Балалардың қауіпсіздігі мен бақылауы біздің ортақ жауапкершілігіміз екенін еске саламыз», - дейді полиция қызметкерлері.