Елордадағы саябақта заңсыз стробоскоп жарығы орнатылған көлік анықталды
Елордада рейд кезінде қаладағы саябақтың бірінің аумағында полиция стробоскобын заңсыз орнатқан Hyundai маркалы автокөлік ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Көлікті 22 жастағы бойжеткен басқарған. Тексеру кезінде жүргізушінің арнайы және жедел қызмет көліктеріне ғана рұқсат етілген жарық сигналдық құрылғысын өз бетінше орнатқаны белгілі болды. Заңсыз орнатылған жабдық сол жерде алынды.
Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған құқық бұзушылық үшін айыппұл қарастырылған.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге өз бетінше тюнинг жасаудан бас тартып, жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Еске салсақ, СҚО-да боранда шұңқырға түсіп кеткен көліктегі жолаушылар құтқарылды.