СҚО-да боранда шұңқырға түсіп кеткен көлік жолаушылары құтқарылды

Бүгін, 11:27
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
СҚО-да боранда шұңқырға түсіп кеткен көлік жолаушылары құтқарылды
Фото: freepik.com

Кызылжар ауданындағы автожолда Түмен қаласынан Петропавл қаласына қарай келе жатқан минивэннің жүргізушісі боран салдарынан көлікті басқара алмай, шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көлікте бес адам болған, оның ішінде бір Ресей Федерациясының азаматы бар еді. Жолаушылар өз күштерімен қозғала алмады және 112 нөмірі арқылы көмек сұрады.

«Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті. Адамдар эвакуацияланып, Пресновка ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Құтқарушылардың уақтылы әрекеттерінің арқасында жолаушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Қосшыда өртенген көлік жуатын орнындағы екі машина жанып кеткені туралы жаздық.