Қосшыда өртенген көлік жуатын орнындағы екі машина жанып кетті

Қосшыда өртенген көлік жуатын орнындағы екі машина жанып кетті
Фото: Ақмола ТЖД

Бүгін түнде Қосшы қаласында аумағы 250 шаршы метр автожуу орнындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысы ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нысан ішіндегі екі жеңіл автокөлік те өртенді. Оның біреуінде газ-баллондық жабдық орнатылғаны анықталды. 

Өрт ғимараттың шатырына тарады. Ғимараттың құрылымдық ерекшелігі мен жеңіл тұтанатын материалдардың болуына байланысты өртті сөндіру күрделі болды. Алайда өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп жалынның таралуына жол бермеді.

100 шаршы метр аумақты толықтай шарпыған жалын сөндірілді. Нысанның жалпы. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Еске сала кетсек, Астанада үш жаңа автобус бағыты іске қосылады.