Астанада үш жаңа автобус бағыты іске қосылады
Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Астанада 21 ақпаннан бастап үш жаңа бағдар іске қосылады.
Бағдарлардың жүру бағыты:
№67 – «Ырыскелді қажы» мешіті – «Пригородный» тұрғын алабы («Орман парк»ТК);

№74 – Altyn besik ТҮК – «Достар-1» тұрғын үй кешені;

№76 – «Алай» – «Теміржолшылар» тұрғын алабы.

«Жаңа бағдарлар қаланың маңызды бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, №67 бағдар Бұқар жырау көшесіндегі қоғамдық көлік қызметін жақсартып, Қ.Қайсенов көшесінде жаңа учаскесімен жүре бастайды. №74 бағдар Ш.Айтматов көшесі мен Ұлы дала даңғылының жаңа бөлігін қамтиды, сондай-ақ Әйтеке би көшесін қамтамасыз етеді. №76 бағдар А.Пушкин көшесіндегі қоғамдық көлік қызметін жақсартып, «Теміржолшылар» ТА сауда орындарымен байланыстырады», - делінген хабарламада.
Ескерту: Сығанақ және Әйтеке би көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылып, реттелетін қиылыс ұйымдастырылғанға дейін №74 бағдар Қ.Мұхамедханов көшесі бағытында уақытша Әнет баба көшесі арқылы жүреді, ал кері бағытта бекітілген сызбаға сәйкес Әйтеке би көшесі арқылы қатынайды.

Еске салсақ, елордада №43 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді.