Елордадағы жағажайда 11 жасар бала суға кетіп қала жаздады
7 маусым, 2025
фото: ТЖМ
Кеше "Сарыарқа" ауданындағы коммуналдық жағажайда, Ш.Бейсекова көшесіндегі көпір маңында жүргізілген жоспарлы патрульдеу барысында Төтенше жағдайлар министрлігі жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 11 жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТЖМ мәліметінше, шомылып жүрген кезде баланың аяғы тартылып, судан шыға алмай, үрейлене бастаған. Құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетіп, баланы судан алып шықты.
Медициналық көмек қажет болмады — жағдайы қанағаттанарлық.
Ұқсас жаңалықтар
11 қаңтар, 2026
Алматы облысында мал ұрлықшылары тобы ұсталды
11 қаңтар, 2026
Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша 2 мыңнан астам сотталушы бостандыққа шықты (ВИДЕО)
10 қаңтар, 2026
Астанада көлігінің мемлекеттік нөмірін техникалық маймен әдейі жасырып қойған жүргізуші ұсталды
9 қаңтар, 2026
Астық экспортын субсидиялау кезіндегі заңсыздықтар анықталды