Елордада үш жер үй өртенді

Бүгін, 12:04
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада үш жер үй өртенді

Астанада Толстой көшесінде бір-біріне жақын орналасқан үш жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттардың шатырлары толықтай отқа оранған.

Қабылданған шаралар нәтижесінде өрт оқшауланды. 

Нақтылау бойынша ақпаратқа сәйкес, екі жеке тұрғын үйдің шатырында және бір шаруашылық құрылыста өрт шыққан.

Қазіргі уақытта ашық жану тоқтатылды, жасырын жану ошақтарын болдырмау мақсатында су құю және құрылымдарды бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Құтқарушылар жедел түрде жану аймағынан 5 газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.