Елордада таңға жақын дәмхана өртенді

Елордада таңға жақын дәмхана өртенді
Фото: ТЖМ

Бүгін таңға жақын елордалық өрт сөндірушілерге Байқоңыр ауданындағы дәмхана жанып жатқаны туралы келіп түскен хабар бойынша жедел оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап. 

Жолымбет көшесінде орналасқан дәмхананың ас бөлмесінде тоңазытқыш, жиһаздар мен ішкі әрлеу материалдарының жанып жатқаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің 120 шаршы метрді шарпыған жалын толығымен сөндірілді. Жақын маңдағы ғимараттарға өрттің таралуына жол берілмеді.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.