Елордада шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік түсіндірілді

Бүгін, 18:06
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік түсіндірілді
Фото: видеодан скриншот/ prokuratura.ast

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен және Сарыарқа ауданының Полиция басқармасымен бірлесіп шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында аудан тұрғындарына, оның ішінде кәмелетке толмағандарға су айдындарындағы қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары, сондай-ақ жаппай демалыс орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау талаптары түсіндірілді.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандарға тиісті бақылау жасауда ата-аналардың жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық шаралары және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі бойынша ұсынымдар түсіндірілді.

Астана қаласының прокуратурасы төтенше жағдайлардың алдын алуға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ жазғы кезеңде халықтың қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге бағытындағы іс-шараларды жалғастыра бермек.