Елордада құрылыс қоқыстарын шығаруға бақылау күшейтілді
Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында қала әкімдігі Полиция департаментімен бірлесіп құрылыс нысандарында рейдтік іс-шараларға кірісті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Тексерулер құрылыс қалдықтарымен жұмыс істеу қағидаларының сақталуын бақылауға, оларды заңсыз әкетуге және рұқсат етілмеген орындарға орналастыруға жол бермеуге бағытталған.
Анықталған бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Рейдтер барысында құрылыс қалдықтарын басқару ережелерінің сақталуы тексеріледі.
«Тексерулердің негізгі міндеті – құрылыс және бөлшектеу процесінде пайда болатын құрылыс қалдықтарының мақсатты және санкцияланған орналастырылуын бақылау, сондай-ақ оларды белгіленбеген орындарға әкетуге жол бермеу.
Кінәлі адамдарға қатысты анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің баптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалады.
Рейдтік іс-шаралар тұрақты бақылауда және жалғастырылатын болады», - делінген хабарламада.