Елордада қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

Бүгін, 17:51
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Астанада жолдың жүру бөлігінде дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылып, әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қауіпті көлік жүргізу фактісін Астана қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының операторлары анықтады. Құқық бұзушылық туралы ақпарат жедел түрде патрульдік полиция жасақтарына жолданып, олар жүргізушінің жеке басын анықтап, оны оқиға орнында ұстады.

Тексеру барысында дрифттің BMW автокөлігімен жасалғаны анықталды. Көлікті 29 жастағы шетел азаматы басқарған.

Ол қауіпті маневр жасағаны, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция агрессивті көлік жүргізу, дрифт жасау және жол қозғалысы ережелерін әдейі елемеу – жол қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Осындай құқық бұзушылықтардың барлығы қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер заңға сәйкес міндетті түрде жауаптылыққа тартылады.

Еске сала кетейік, Астана-Қарағанды тасжолы уақытша жартылай жабылады.