Астана-Қарағанды тасжолы уақытша жартылай жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 9 маусым мен 9 шілде аралығында Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі учаскеде Астана-Қарағанды тасжолында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Осы учаскеде кептелістердің алдын алу мақсатында балама бағыттармен қатынауға болады:
• көлік айрығынан оңға қарай айналма жолмен Ақжол көшесіне немесе Алаш тасжолына дейін;

• көлік айрығынан солға қарай айналма жолмен Шерхан Мұртаза көшесіне дейін.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, елордада Тілендиев даңғылының бір бөлігі де уақытша жабылады.