Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Астанадағы Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысында көлік айрығын салу жобасы аясында Тілендиев даңғылында жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты биылғы 6 маусым мен 6 шілде аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Бұл ретте автокөліктердің қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
«Қала тұрғындары мен жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеру сұралады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Тілендиев даңғылының Баршын көшесінен көлік жолайрығына дейінгі учаскесінде жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 31 мамыр мен 15 маусым аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектелетінін жазғанбыз.