Елордада монша кешенінде өрт шықты

Елордада монша кешенінде өрт шықты
Коллаж:

Түнде елордадағы Шалкөде көшесіндегі монша кешенінің аумағында ағаштан жасалған моншада өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері дереу жетті. Құтқарушылар шарпыған отты жылдам оқшауланып, өрттің көрші моншаларға таралуының алдын алды.

«Оқиға орнына 6 техника мен 25 қызметкер жұмылдырылды. Өрттің аумағы 20 шаршы метрді құрады. Төтенше жағдайлар департаменті мамандары өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», – деді Астана қаласы ТЖД ӨСКҚ жедел кезекшісінің орынбасары Айтуған Бекенов.

Бұған дейін СҚО-дағы монша өрті кезінде 10 адамның эвакуацияланғанын жаздық.