Елордада мектеп директорларының бірінші республикалық AI91 форумы өтті
Астана қаласында Amansultan білім беру платформасы №91 мектеп-гимназиясының, Астана қаласы Білім басқармасы мен әдістемелік орталықтың қолдауымен «Жасанды интеллект бар әлемдегі менеджмент және оқыту» атты мектеп директорларының бірінші республикалық AI91 форумы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz №91 мектеп-гимназиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
250-ден астам мектеп басшысы, сарапшылар және мемлекеттік органдардың өкілдері жасанды интеллекттің мектепті басқару мен білім беру үдерісін бүгінгі күні қалай өзгертіп жатқанын талқылау үшін бас қосты.

Форум цифрлық трансформация, қауіпсіздік, деректерді талдау, жасанды интеллектті оқыту үдерісіне енгізу және заманауи мектептің стратегиялық дамуы мәселелері бойынша ашық диалог алаңына айналды.
Сарапшылардың, сондай-ақ №91 мектеп-гимназиясының педагогтері мен оқушыларының қатысуымен өткен практикалық сессиялар ерекше қызығушылық тудырды. Онда білім беру ортасында жасанды интеллектті қолданудың нақты құралдары көрсетіліп, инновациялық технологиялар зертханасының ашылуы өтті.

AI91 — бұл жай ғана іс-шара емес.
Бұл — жасанды интеллект дәуіріндегі мектептің жаңа басқару мәдениетінің бастамасы.