Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Осы сәтте ТЖМ өрт сөндірушілері Астана қаласы Сарыарқа ауданы Нұрғиса Тілендиев даңғылындағы ТҚКС өртін сөндіруде. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ», - деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.
ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді.
Алғашқы өрт сөндіру жасақтары келгеннен кейін бес қабатты үйдің 5-қабатындағы пәтер жанып жатқаны анықталды. Автоцистерналар өрт сөндіру гидранттарына орнатылды.
Өрт сөндіру автосатысы арқылы 5 адам құтқарылып, 24 адам эвакуациялады.
Бұған дейін Қосшыдағы мектеп аумағында автобус өртенгенін жаздық.