Елордада фастфуд нүктесіндегі өрт сөндірілді

Елордада фастфуд нүктесіндегі өрт сөндірілді
Фото: ТЖМ

Астана қаласының Байқоңыр ауданында жеке тұрған фастфуд киоскісінде өрт шықты. Өрт фритюр аймағында тұтанған, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға орнына келген құтқарушылар жедел әрекет етті. Өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп қана қоймай, ықтимал жарылыс қаупінің алдын алды. Түтінге толы бөлмеден оттегі баллоны шығарылды.

Жалынның жақын орналасқан дәмханаға таралуына жол берілмеді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.