Референдум-2026

Елордада есірткі қылмыстарының алдын алу шаралары күшейтілді

24 шілде, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада есірткі қылмыстарының алдын алу шаралары күшейтілді
фото: Оңалхан Өнерхан

«Байқоңыр» ауданының прокуратурасы Астана қаласы Полиция департаментімен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» қағидаты және «Айқын нәтиже» жобасы аясында есірткі қылмыстарының алдын алу және олардың жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асыруда, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап. 

Қадағалау органы қабылданып жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде аудан аумағында есірткіге байланысты қылмыстардың деңгейі төмендеп жатқанын айтты. 

«Естеріңізге саламыз, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз сақтау, пайдалану, өткізу, тасымалдау немесе өзге де заңсыз айналымы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Есірткі – денсаулыққа, болашаққа және қоғам қауіпсіздігіне зор қауіп төндіреді», - делінген хабарламада. 

Астана қаласы прокуратурасы тұрғындарды заңды құрметтеуге және есірткіден аулақ болуға шақырды. 

Еске салайық, бұған дейін құрылысшыларға нашақорлық пен алаяқтықтың алдын алу бойынша дәріс өткені туралы жаздық.