Елордада екі үйден перфоратор ұрлаған күдікті ұсталды
Елордада пәтер ұрлығына қатысы бар 40 жастағы ер адам ұсталды. Ол бірнеше эпизод бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті алдын ала пәтерлерді бақылап, ішке түрлі тәсілмен заңсыз кірген.
Бірінші жағдайда ол есіктің құлпын бұзу арқылы үйге кіріп, «Alteko» перфораторын ұрлап кеткен. Шығын 43 мың теңге.
Сонымен қатар, екінші дерек бойынша, күдікті пластик терезені ашып, пәтерге заңсыз кіріп, құрылысқа арналған қымбат перфораторды ұрлаған. Бұл факті бойынша жәбірленушіге келтірілген шығын 340 мың теңге болды.
Күдікті жедел анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктінің елорда аумағында жасалған басқа да ұрлықтарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Еске сала кетсек, Астанада шлагбаумды бүлдірген оқиға әлеуметтік желі арқылы анықталды.