Астаналық өрт сөндірушілер Бекетай көшесіндегі ғимараттардың бірінде шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өрт сөндірушілер барған кезде екі қабатты ғимараттың бірінші қабатындағы гаражда екі автокөлік жанып жатқаны анықталды. От жанында орналасқан төрт қабатты қонақүйдің шатырына дейін тараған.
Сол жерде жедел штаб ашылып, өрт сөндірудің 2 учаскесі ұйымдастырылды. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
«Оттың одан әрі таралуын болдырмау үшін шатырды ашу жұмыстары жүргізіледі.
Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс істеуде», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Қазір 150 шаршы метр алаңды шарпыған өрт сөндірілді. Дегенмен шатыр конструкцияларын суыту және бөлшектеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін астаналық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірген болатын.