Астанада 21 мамырдан бастап әуежай аумағы мен привокзал маңындағы кіреберіс жолдарында жол жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына сілтеме жасап.
Жұмыстар барысында асфальт жабыны жаңартылып, кейбір учаскелерде уақытша шектеулер енгізіледі.
«Осыған байланысты әуежайдағы көлік қозғалысы уақытша өзгеруі мүмкін. Қоғамдық көлік пен такси бағыттарына да түзетулер енгізіледі», деп хабарлады баспасөз қызметі.
Жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, әуежайға ертерек келулері сұралады.
Еске салсақ, елордада әуежай аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді.