Елордада әуежай аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Бүгін сағат 15:00-21:00 аралығында Астана қаласының Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мен қаланың кейбір аумақтарында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу шаралары өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
Шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы қызмет органдарының терроризм қауіптеріне жедел әрекет ету дайындығын тексеру. Оқу-жаттығу кезінде әуежай аумағында кейбір тыйымдар мен уақытша шектеулер енгізіліп, жаяу жүріс пен көлік қозғалысына әсер етуі мүмкін.
«Азаматтардан шараға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік ережелерін сақтаулары, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаулары, тек ресми ақпарат көздеріне сенулері және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеулері сұралады», деп ескертті штабтағылар.
Еске сасақ, ІІМ жалған жарылыс хабарламалары үшін жауакершілік бар екенін ескертті.