Елорда прокурорлары оқушыларға интернет-алаяқтықтардан қалай қорғану керектігін үйретті

Елорда прокурорлары оқушыларға интернет-алаяқтықтардан қалай қорғану керектігін үйретті
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині

«Заң мен тәртіп» идеологиясы және «ЖасҮміт» жобасы аясында Астана қаласының прокуратурасы қызметкерлері Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Іс-шара барысында оқушыларға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін жауапкершілік, киберқауіпсіздік қағидалары, интернет-алаяқтықтан қорғану тәсілдері, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Астана қаласының прокуратурасы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған профилактикалық жұмысты жалғастырады.