Референдум-2026

Елорда әкімдігі жоғары оқу орындарына 300-ден астам білім грантын бөлді

Бүгін, 16:37
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елорда әкімдігі жоғары оқу орындарына 300-ден астам білім грантын бөлді
Фото: magnific.com

Астана әкімдігінің 2026-2030 жылдарға арналған 300-ден астам білім беру гранты жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламалары бойынша бөлінді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана әкімдігінің 2026 жылғы 25 мамырдағы №107-1777 қаулысына сәйкес, 2026-2030 жылдарға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 303 білім беру гранты бөлінді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 5-10 тамыз аралығында өтеді. Астана әкімдігінің білім гранты конкурсына қатысу үшін талапкерлер тиісті жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш беруі қажет.

Гранттар төмендегі жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламалары бойынша бөлінді:

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:

• Көлік қызметтері.

А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:

• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу.

Astana International University:

• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

• Физика пәні мұғалімдерін даярлау;

• Математика пәні мұғалімдерін даярлау;

• Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;

• Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау;

• Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімдерін даярлау;

• Ақпараттық технологиялар.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті:

• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

• Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;

• Математика пәні мұғалімдерін даярлау;

• Физика пәні мұғалімдерін даярлау;

• Ақпараттық технологиялар;

• Арнайы педагогтерді даярлау:

• дефектолог;

• логопед;

• тифлопедагог;

• сурдопедагог.

Esil University:

• Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;

• Математика пәні мұғалімдерін даярлау;

• Ақпараттық технологиялар.

Еске сала кетейік, 25 мыңнан астам талапкер магистратураға түсу үшін тест тапсырды.