Елордада «Томирис» медколледжінің студенттері оқу-имитациялық сот отырысына қатысты

Елордада «Томирис» медколледжінің студенттері оқу-имитациялық сот отырысына қатысты
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елордалық «Томирис» медициналық колледжінің студенттері оқу-имитациялық сот отырысына қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz

Іс-шараның мақсаты — студенттердің құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ білім алушыларды сот процесінің негіздерімен және заң алдындағы жауапкершілікпен іс жүзінде таныстыру.

Оқу-имитациялық отырыс шынайы сот тәжірибесіне барынша жақындатылған сахналық форматта өтті.

Оқиға желісіне сәйкес, білім беру ұйымының аумағына газды тапанша алып кірді деп айыпталған студентке қатысты шартты қылмыстық іс қаралды.

Сот процесіндегі негізгі рөлдердің барлығын — қорғаушыны, айыпталушыны және процестің басқа да қатысушыларын (судья мен прокурордан басқа) студенттердің өздері орындады.

Іс-шара соңында «Сарайшық» ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан Асқаров жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және студенттердің заңға деген құрметін қалыптастыру үшін мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.