07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

|
Photo: Фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

|
Photo: Фото: freepik.com

Елімізде 16 қазанда жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазтелерадио» АҚ сайтына сілтеме жасап.

«Қазтелерадио» АҚ толассыз әрі сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

2025 жылғы 16 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

«Жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.

Компания өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗