Елдегі қауіпті өндірістік нысандарды ЖИ технологиялары бақылайды
Цифрландыру аясында Қазақстанда жасанды интеллектіні енгізу арқылы «е-ТЖМ» бірыңғай цифрлық платформасы әзірленуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүйеде қауіпті өндірістік нысандарды есепке алу және авариялар мен жарақат алудың деректер банкі көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді.
Ол бизнес-процестерді автоматтандыру, сондай-ақ объектілердегі қауіп-қатерлерді болжауды жүзеге асыратынын атап өтті.
«Өндірістік нысандарға мониторинг жүргізу мен оларды бақылау жүйелерінің интеграциясы жалғасуда. Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 55 шахта мен кен орны тексерілді. Оның ішіндегі 45 объектіде жаңа қауіпсіздік жүйелері орнатылды. Бүгінгі таңда 14 шахта мен кен орнындағы бейнебақылау және позициялау жүйелері Министрліктің Дағдарыс орталығына қосылған, бұл жағдайды бақылап, жедел ден қоюды онлайн режимінде жүзеге асыру мүмкіндік береді», деді Шыңғыс Әрінов.
Еске салсақ, елімізде 22 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды.