Елімізде пилотсыз көліктер жобасы биыл іске қосылады
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында пилотсыз технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, Қазақстанда халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен пилотсыз автокөліктердің эксперименттік жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылдың ІІ тоқсаны.
Министр сондай-ақ, елімізде технологиялық шешімдерді енгізу үшін қажетті инфрақұрылым қалыптасу үстінде, жеке бастама шеңберінде жеткізуші дрондарды енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асып жатқанын, бұл қалалық ұтқырлық пен логистиканың жаңа үлгілерін сынауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Еске салайық, Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында Astana Hub арқылы IT-қызметтердің экспорты 328 млрд теңгеге жеткенін айтты.