25.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде нәресте өлімі соңғы 9 айда 19%-ға төмендеді – министрлік

|
Photo: Freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде нәресте өлімі соңғы 9 айда 19%-ға төмендеді – министрлік

|
Photo: Freepik.com

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев еліміздің нәрестелер өлімін төмендетудегі елеулі ілгерілеуі туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы 9 айда нәресте өлімінің көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% - ға төмендеп, 1000 тірі туылғанға 5,84 құрады (2024 жылы – 7,24).

Тимур Сұлтанғазиев мұндай нәтижелер алғашқы медициналық көмекті дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау қызметтерін нығайту, жаңа туған нәрестелерді бақылаудың заманауи хаттамаларын енгізу бойынша жүйелі жұмыстардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Сондай-ақ, бірінші вице-министрдің айтуынша, үш өңірде: Атырау, Абай және Жетісу облыстарында неонаталдық өлім көрсеткіштерін жақсарту үшін әлеует бар. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін шаралар қабылдауда.

«Біз еліміздің әр өңірінде заманауи және сапалы медициналық қызметтер қолжетімді болатындай оң өзгерістерді көріп, жұмысты жалғастырамыз», - деп атап өтті бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗