Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді
Фото: primeminister.kz

2025 жылы еліміздегі 8 негізгі курорттық аймаққа инвентаризация жүргізілді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жылды қорытындылау барысында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол аталған жұмыстардың нетижесінде 2025-2028 жылдарға арналған курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картысының жобасы әзірленгенін атап өтті.

Сондай-ақ биыл курорттық инфрақұрылымды жүйелі жаңғыртуды, қауіпсіздік деңгейін арттыруды, логистика және туристік сервистерді дамытуды көздейтін Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың кешенді жоспары, сондай-ақ 2025-2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді.

Бұған дейін 2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық аренада 50-ден аса тарихи жетістікке қол жеткізгенін жаздық.