Елімізде II халықаралық «Заң мен тәртіп» фотобайқауы басталды

Бүгін, 13:41
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елімізде II халықаралық «Заң мен тәртіп» фотобайқауы басталды
Фото: gov.kz

Ішкі істер министрлігі II халықаралық «Заң мен тәртіп» фотобайқауы басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады.

Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады:

1. «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі»;

2. «Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар»;

3. «Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады».

Жұмыстарды қабылдау 10 маусымға дейін жалғасады.

Қатысу талаптары:

- Бір қатысушыдан 3 фотоға дейін қабылданады;

- Жұмыстар JPEG форматында қабылданады;

- Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек;

- Әр фотоға тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Еске сала кетейік, Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жас жол инспекторларының қалалық байқауы өтті.