Референдум-2026

Елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер саны шамамен 9 есеге артты

Бүгін, 17:03
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер саны шамамен 9 есеге артты
Фото: ОКҚ

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова жылдан жылға ерекше қажеттіліктері бар талапкерлердің саны артып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар 800-ге жуық талапкер өтініш берді.

«ҰБТ тапсыру кезінде олар үшін қолдау механизмдері қарастырылған. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2021 жылы мұндай талапкерлердің саны небәрі 90 болған. Демек, 5 жылда мұндай тұлғалар үшін жоғары білімге қолжетімділік 9 есеге артты», - деді спикер.